Мектеп оқушыларының назарына!

Қостанай облысы жалпы білім беретін мектептерінің 6 сынып оқушыларының назарына!
2016 жылдың 9 қыркүйегі мен  8 қазан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Виртуалды мектеп жалпы білім беру ұйымдарының 6 сынып оқушылары үшін құрылған.
20058-6-zha_sy_mektepte_b_l_m__ruВиртуалды мектептің басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы орта білім беру ұйымдарының оқушыларын "Назарбаев Зияткерлік мектебіне" түсу үшін конкурстық іріктеуге дайындау. Виртуалды мектеп оқушылардың математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша дайындалуға септігін тигізеді.
Назарбаев Зияткерлік мектептің оқушысы болуыңыз үшін Сіз мектептің жұмыс тәртібімен, виртуалды мектептің жұмыс кестесімен танысуыңыз керек, сондай ақ тіркелуіңіз қажет.Тіркелу мына сілтемеде http://vs.nis.edu.kz .

 
Ақпарат үшін мәлімет: Қостанай қаласы, Гагарин көшесі, 239. Қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7142) 999747

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓