Спорт фестивалі өтті
Рудныйда балалар үйінің 55 жылдығына орай аймақтық спорт фестивалі ұйымдастырылды.
Оған Петропавл, Есіл қаласынан келген жастар, Рудныйлық балалар үйі мен коррекциялық мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері қатысып, спорттың үстел теннисі, биллярд, баскетбол мен футбол сияқты спорттың кең тараған түрлерінен өзара бақ сынасты. Жерлестеріміз үстел теннисі мен биллярдта тағдырластарымен тең түссе, баскетболдан алдына жан салмады. Ал футбол ойынында Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген қонақтар үздік деп танылды. Мыңдаған жасөспірімнің болашағына жол ашқан мекемеде бүгінде 3-18 жас аралығындағы 242 бала тұратынын айта кеткен жөн.
Қуаныш Есқабыл
Рудный қаласы