Белдескеннің белін майыстырған

Таяуда Қостанайда грек-рим күресінен 1998-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Оған облыстың бірқатар аудандары мен қалаларынан 200-ге тарта жас бозкілем шеберлері қатыс-ты, 42 салмақтан 100 келіге дейінгі ауыр салмақта сынға түскен палуандар арасында кілең үздік суырылып алға озды. IMG_9944Үш күнге ұласқан турнирде Қостанай ауданының намысын қорғаған Қанат Фазылханов, тарандық Жасұлан Қожахметов, қостанайлық Эмин Кунаев және Қостанай ауданынан келген Шәймерден Әбауовтар жарыс жеңімпаздары атанды. Сондай-ақ, облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі  Джохар  Гучигов, Иван Приставко, Максим Оберемко және әулиекөлдік Егор Чжин, қостанайлық Дияр  Қульшмановтар  бірінші орынды жеңіп алды. Осыған қарап-ақ,  жасөспірімдердің арасында келешекте халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын палуандардың өсіп келе жатқанына еш күмәніңіз қалмайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓