COVID-19: +74
17 қаңтарда Қостанай облысында 74 адам коронавирус жұқтырған.
Атап айтқанда, Қостанай қ. 36 адам, Рудный қ. – 9, Қостанай ауданында – 4, Меңдіқара ауданында – 4, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарабалық, Б. Майлин атындағы аудандарда, Жітіқара қ., Лисаковск қ. 3 адамнан, Денисов ауданында – 2, Арқалық қ. – 1 бір адам індетке шалдыққан.
59 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симтомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 17 қаңтар аралығында COVID-19-ды 8671 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7628.