БАЗЫЛ ЖАҚЫПОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: ҚОРАДА ӨЛГЕН МАЛДЫҢ ҚЫРЫЛҒАН КИІККЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ.

Киік қырылған аймақта мал қырылуда деген суыт хабар еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының барлығында да айтылуда. Ресми мәліметтің жоқтығынан, БАҚ өкілдерінің ойы сан-сақа жүгіріп, тұрғындар да тұщымды ақпарат ала-алмай қалған еді. Олқылықтың орнын толтыруды жөн көрген жергілікті билік өкілдері бүгін баспасөз конференциясын ұйымдастырып, БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.IMG_0583
Журналистер қауымын жинамас бұрын облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың індет орын алған аймақ – Жанкелдин ауданына арнайы барып қайтқанын айта кеткен абзал. Билік өкілінің айтуына қарағанда, қорадағы мал қырылып жатыр деген суыт хабар мамырдың 31-і күні түскен. Сол мезетінде, арнайы комиссия құрылып, оңтүстік өңірге мамандар жиналған.
«Тексеру амалдарын жүргізу барысында, Жанкелдин ауданында 58 малдың өлгені анықталды. Оның көбісі жас бұзаулар болып шықты. Мал өлекселерінен сынамалар алынып, зертханаха жіберілді. Оның қорытындысы үстіміздегі айдың 14-і дайын болады.IMG_0587
Киіктерге тараған індет – ауыл малына жайылды деп айтатындай ешбір негіз жоқ. Неге десеңіз, киіктердің дені Аманкелді ауданында қырылған. Ол ауданнан бірде-бір ірі-қара шетінеген жоқ. Ал, Жанкелдин ауданындағы өлген малдардың дені көктемнен көтерем шыққан. Облысымыздың оңтүстік аймақтарында биылғы қыс қатты болды. Бұл жақтың малы 9-10 ай бойы далада жүреді. Қар қалың болып, көктем кеш түсті. Қар кетісімен, жаңбыр толассыз жауып, артынша күн 35 градусқа дейін  ысып кетті. Табиғаттың тылсым мінезіне төтеп бере алмаған көтерем мал шетінеп кетті. Зоотехникалық талаптарға сүйенер болсақ, қолдағы қараның 3 пайызының шетінеуі – табиғи құбылыс болып есептеледі. Аталған ауданда 29 мың бас мал бар. Өлген малдың санын білесіздер. Көңіл алаңдататындай ешбір негіз жоқ» – деді, Базыл Жақыпов.IMG_0600
Облыс әкімі орынбасарының айтуына қарағанда, Таран, Ұзынкөл аудандарында – 65, Жітіқарада 78 бас мал шетінепті. Көктем келісімен, облыс көлеміндегі 400 мың ірі-қараның 1,5 мыңы өлген. Билік өкілі мұны «табиғи құбылыс» дейді.

Жұматай Кәкімжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓