Арқалық қаласына – 60 жыл


 1956 жылы қазіргі қаланың алғашқы кірпіші қаланған. Арқалық қаласының дүниеге келуі боксит пен алюминий тотығы кенішінің табылуымен тығыз байланысты. Көлемі жағынан әлемдегі ең үлкен қалалардың бірінің жақында 60 жылдығы аталып өтілді. Көшелер мен аулалардың тазалығы, автокөлік жолдарын жөнге келтіру жұмыстары, жалпы, қала келбетін ажарландыру былтыр қолға алынған. Мерейтойға арналып жаңа ғимараттар бой көтерді. IMG_9859



60 жылдықты мерекелеу елге еңбегі сіңген кеншілерді марапаттау рәсімімен басталды. Алдымен, жиылған жұрт өңірдің өткен белестерін бедерлеген көркем фильмді тамашалады. Кеңестің ірі геолог ғалымы Алексей Волковтың, руданың алғашқы шөмішін жер бетіне шығарған экскаваторшы Михаил Демченконың, тың игеру жылдарында үлкен еңбек еткен Оразалы Қозыбаевтың өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Торғай боксит кеніш басқармасы кәсіпорны осы уақытқа дейінгі жұмысының нәтижесінде 80 млн тонна боксит өндірсе, соның 16 миллионы – аллюминий. Арқалық қаласының әкімі Амантай Балғарин құттықтау сөзінде:IMG_9427



– Боксит – Арқалықтың символы. Тау мен тасты кезіп, жер байлықтарын зерттеген кеншілердің еңбегі ұшан-теңіз. Кеніш басқармасы Арқалықтың алғашқы қазығы қағылған күннен бастап қала құрушы кәсіпорын болып келеді. Ұжым 2 млрд 700 млн теңгенің өнімін шығарады. Қаламызды көркейту үшін қомақты үлес қосып келесіздер. Жетекші қала құрушы ірі кәсіпорын – «Қазақстан Алюминиі» АҚ филиалының Торғай боксит кен басқармасы кәсіпорны. Кәсіпорын бокситтерді және отқа төзімді саз балшық өндірумен айналысады. Павлодар алюминий зауытына боксит, Ресейге отқа төзімді саз балшық шикізаттарын жеткізеді. Міне, сіздер де атақты кеншілеріміз секілді қала тарихында алтын әріптермен жазылып қаласыздар, – деді.IMG_9840



IMG_9871



IMG_9883



IMG_9554Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтау сөз сөйлеп арнаулы грамота, сыйақылармен марапаттады. Көп жыл бойы қалтқысыз жұмыс істеп келе жатқан еңбек озаттарына автокөлік кілттері тапсырылды.IMG_9528



IMG_9421



IMG_9517Мұнан соң жұрт орталық алаңға жиылды. Мұнда – театрландырылған көрініс. Қаз-қатар тігілген киіз үйлер мерекенің көрінісіне қосымша бір бедер беріп тұр. Айтпақшы, білегі мықты жігіттер спорттық сайыстарда сыналып жатты. Мәселен, қазақ күресі аса тартысты өтті. Талай байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген «Арқалық барысы» – Ғабит Балғынбаев бұл жолы да биіктен көрінді. Ол қарсыластарының бәрін жеңіп, «Түйе палуан» атанды.



Ары қарай той мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Қала тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады.IMG_9603



– Қазақстанның дамуы ,ең әуелі, өңірлердің әлеуетіне байланысты. Талай қиын кезеңдерді басынан өткізіп отырған қалалардың бірі – Арқалық. Ең ауыр жылдарды артта қалдырғаннан кейін Арқалық бірте-бірте еңсесін көтеріп, қайта жаңғыра бастады. Міне, бүгін бұл өңірге алпыс жыл толып отыр. Баршаларыңызды осынау айтулы датамен құттықтаймын. Қала көркейе берсін, – деді облыс әкімі.



Осыдан кейін Архимед Мұхамбетов мемлекеттік қызметтің ардагері, қаланың бұрынғы әкімі Сабыржан Ахметовті, еңбек ардагері Хамит Досжановты «Арқалық қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Сондай-ақ, еңбегі еленген бір топ тұлғаларға «Қостанай облысына – 80 жыл» мерекелік медальдары табысталды.IMG_9616



IMG_9617Марапаттау салтанаты аяқталған соң академик Кенжеғали Сағадиев құттықтау сөз сөйледі. Ол Арқалықтың қиын-қыстау күндерді басынан өткергенін, болашағының жарқын екенін жеткізді.IMG_9717



IMG_9746



IMG_9769



IMG_9789



IMG_9808



Осыдан соң сахнаға ҚР Мәдениет қайраткері, танымал әнші Ғазиза Жұмекенова көтеріліп, бірнеше ән шырқады. Арқалық қаласының құрметті азаматы Бораш Әбенов жетекшілік ететін Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі «Көңілашарды» нақышына келтіре орындаса, Жұлдыз Құрманова, Медет Шәйкелов, Динара Жаңабергенова, Шахаризат Сейдахмет сынды әншілер де өз өнерлерін көрсетіп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Кеш шарықтау шегіне жеткенде арнайы қонақ – «Музарт» тобы келіп, арқалықтықтарға әннен шашу шашты.



IMG_9941



IMG_9944



Соңында түнгі Арқалық аспаны қызылды-жасылды от-шашумен жарқырай түсті.

 

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

1 Response

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓