Дағыстанға сапар

ТМД төңірегіндегі ұлт пен ұлыстардың достығы жыл өткен сайын нығайып, татулығы артып келе жатқаны сөзсіз. Бұның бәрі салиқалы саясат жүргізе білген президенттер мен дос көңілді халықтың жемісі.  Бүгіндері өнердің сан саласын қамти отыра, әр ұлт өкілдерінің басын біріктіріп қана оймай, өзара тәжірибе алмасып, достықты дәріптейтін жобалар қатары көбейіп келеді. Мәселен, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық және көрме жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Дариға Дәуренбекова Дағыстанда өткен халықаралық кітапханашылар арасындағы этнотурға қатысып, кавказ халықтары мәдениеті мен әдебиетіне саяхат жасап қайтты.14324577_1127501560649905_5152571281815177746_o - копия-Мен бұл жобаға екінші рет қатысып отырмын. Бұдан екі жыл бұрын алғаш рет барғанмын. Бұл шараны Хасавюрт қаласындағы Расул Гамзатов атындағы орталық кітап үйі үзбей өткізіп келеді. Бас демеушісі – «Русский мир» қоры, алайда, басқа да мемлекеттік, коммерциялық ұйымдар қолдау көрсетеді. Этнотурға жолдама алу үшін кавказ халқының әдебиеті туралы өз қаламызда ауқымды шаралар өткізіп, оны кітапханамыздың сайтында жариялаймыз. Жыл бойы жемісті жұмыс істеген кітапханашыға Дағыстаннан арнайы шақырту келеді,-дейді Д.Асқарқызы.14380117_207090663042926_950877223214519599_oТау бөктерінен орын тепкен Кавказ қалалары мен әр ауылында өзіне ғана шақталған кітапхана мен мұражайлар көзге оттай басылады. Мұнда тұрғындар рухани құндылықты жоғары бағалап, ертеден келе жатқан ата кәсіптерін мүлтіксіз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Мысалы, аядай ғана Кайтаги ауылында қолөнер кеңінен тараған. Мұнда әр отбасындағы әйел адам тігіншілікпен шұғылданады. Шебердің қолынан шыққан әр туынды қымбат бағаланып, шет ел асып та кетеді.  14311466_207090359709623_1996082826096804348_o - копияКітапханаларының да қоры мол. Тек кавказ халқына ғана емес, бүкіл әлемге танымал Расул Гамзатовты ерекше құрметтейді мұнда. Этнотур аясында 8-қыркүйек күні атақты ақынның туған күні Махачкала қаласында бар сән-салтанатымен атап өтілді. Ұлттық мерекеге айнала бастаған бұл айтулы дата «Ақ тырналар» атауымен Республика бойынша тойланады. Расул ақынның «Ақ тырналар» өлеңіндегі соғыста шейіт  болған солдаттарға арнаған шумақтары әр оқырманның жүрегінен ойып тұрып орын алары сөзсіз. Соғыс құрбандарына арналған саябақта да ақын өлеңінің сипатымен ескерткіш орнатылған. Бұл игілікті іс дәстүрге айналып, Ресей Федерациясының басқа да аймақтарында жалғаспақ. 14425276_207090849709574_7484489244580315581_oКейін әр ұлттың атынан келген қонақтар Дағыстанның ұлттық кітапханасымен танысты. Мұнда Қазақстан, Татарстан, Эстония, Өзбекстан, Хакасия мен Мәскеу қаласынан келген кітапханашылар өз ұлтының салт-дәстүрінен сыр шертіп, ана тілдерінде өлең шумақтарын оқыды. Дариға апамыз Абай Құнанбаевтың жыр-маржандарынан төгілтіп кеп тұрып оқығанда, сөз құдіретіне таңдай қақпаған кісі қалмапты. Бұдан өзге, танымал жазушыларымыздың әңгіме-дастандарынан үзіңді келтіріп, қостанайлық қаламгерлердің де туындыларын тілге тиек еткен.14324177_1127501250649936_8100203384599609032_o - копия
14380064_1126866934046701_1584552418737300743_o - копияДариға Асқарқызының айтуынша, жобаның мақсаты – кітап оқырманын көбейту.
-Әр мемлекеттен келген кітапханашылары өз қалаларына барып, бұл жобаның тиімділігін насихаттап, келер жылы басқа елде өтуін қарастыру қажет. Қазақ әдебиетінің ауқымы кең, мол қазынаға толы. Әлем тілдеріне аударылып, әр елден өз оқырманын тауып жатыр. Енді соларды Қазақстанға шақырып, таныстырып, көрсету керек. Алдағы уақытта Қостанай қаласында өтсе, бар күшімді салар едім. Жоғары деңгейде өткізіп, жергілікті оқырмандардың да ынтасын аша түсер едік,-дейді Дариға Дәуренбекова.14207830_317845308570288_8849783708589163664_o

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓