«Neo Nomad» – іскерлік ойын

«Парасат» агротехнологиялық орталығында  «Neo Nomad» атты оқу семинары өтті. Іскерлік ойын түрінде өткен семинарға өңірдегі бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктер мен қаржы институттары филиалдырының өкілдері қатысты. Іскерлік ойын 6 команданың арасында нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өтті. Ойын барысында әр команда оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасауға тырысты.DSC_0924
 
DSC_0930Іс-шара агроөнеркәсіптік кешенде өндіріс тиімділігін арттыруды және тәуекелдерді азайтуды, сонымен қатар, фермерлер мен ауыл шаруашылығын реттеумен айналысатын мемлекеттік органдар арасында тиімді жұмыс байланысын қалыптастыруды көздейді. Басты мақсат – жергілікті фермерлерге заманауи агробизнесті басқару тетікерін үйрету, сол арқылы ашық бизнес орта қалыптастыру.DSC_0945
 
DSC_0927Шараға ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев қатысты. Ол фермерлерді Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жаңартылған мазмұнымен таныстырды. Вице-министрдің айтуынша, «Neo Nomad» іскерлік ойны – кәсіпкерлер мен барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалар арасында қалыптасып қалған стереотиптер мен кедергілерді жоюдың ең тиімді құралы.  DSC_0962
Шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткендерге ескерткіш сыйлықтар берілді. 
 
Нұрқанат Құлабаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓