Қостанай Астанаға 550 тонна өнім жөнелтті
Бүгін Қостанай облысынан Астанаға 550 тонна өнім тиелген автоколонна шықты. Онда ұн, көкөністер, өсімдік майының түр-түрі, ет және кондитерлік өнімдер бар.
Елуден астам қостанайлық ауылшаруашылық тауарын өндірушілер елордалық жәрмеңкеде өз өнімдерін арзандатылған бағамен сатады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне қарағанда , Қостанай облысы Астанадағы күзгі жәрмеңкеге осымен төртінші жыл қатарынан азық-түлік автоколоннасы жөнелтілуде. Бұл жолы өнім мөлшері 400-ден 550 тоннаға дейін артты. Бұл елордалық тұрғындардың қостанайлық өнімдерге деген сұранысының артуына байланысты болып отыр.
Сурет Алау сайтынан алынды