“Жүгенсіз” жүргізушілер көбейген
"Мас жүргізуші – қылмыскер" операциясын жүргізген облыстық ІІД жергілікті тәртіп сақшылары 2 күн ішінде 800-ден астам жол ережесін бұзған шопырды тоқтатты. 47 мас жүргізуші ұсталды, араларында жүргізуші куәлігі сот шешімімен тартып алынған азаматтар бар. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанай облысының ІІД жергілікті полиция қызметінің нақтылауынша, ең көп ұшырасатын ережебұзушылық – қозғалыс жылдамдығын шектен тыс арттыру. Мұндай әрекетке барған 147 жүргізуші тұтылды. Жиілігі жағынан екінші орында тұрған тәртіпсіздік – қауіпсіздік белбеуін тағынбау: екі тәулік ішінде 121 жағдай тіркелген.
Көлік тізгінінде келе жатып, ұялы телефон тұтынған 136, әйнегін көлеңкелетіп алған 8 жүргізушіге және жолда жүру ережесін бұзған 70 жаяу жүргіншіге әкімшілік жаза тағайындалды.