12 тас жол жабылды
Қостанай облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты 12 автожол жабылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Синоптиктер 11 ақпанда ақтүтек боран болады деп болжап отыр. Осыған байланысты облыс полицейлері елді мекен аумағынан шықпауға кеңес береді. Облыс көлемінде сағат 17:00-ден бастап автокөліктің барлық түрі үшін облыстық маңыздағы 12 тас жол жабылды. Олар:
1. Адаев-Орқаш-Аралкөл 0-110 км;
2. Торғай-Шилі-Аралкөл 0-182 км;
3. Қарамеңді-Раздольный-Аралкөл 0-163 км;
4. Жітіқара-Қамысты-Ливанов 1,1-4, 7-48, 56-73 км;
5. Лисаков-Кайыңдыкөл-Арқа 16-87 км;
6. Әулиекөл-Москалев-Мақсұт-Смайлов 0-106 км;
7. Рудный-Қашар-Федоров 0-82 км;
8. Әйет-Варваринский-облыс шекарасы 0-40 км;
9. Тобыл-Әйет-Красносельский-Набережный 0-45 км;
10. Әулиекөл-Диев-Қосағал-Раздольный 0-130 км;
11. Әулиекөл-Жалдама 0-257 км;
12. Арқалық-Торғай 0-288 км.
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік шараларын тағы да естеріңізге салады.

Полиция еще раз напоминает о мерах безопасности на дорогах.
"11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні қар жауып, көктайғақ болады, бұл жол қозғалысына қолайсыз жағдай туғызады. Жол-көлік оқиғалары мен басқа да төтенше жағдайларға жол бермеу үшін жүргізушілер автокөлік басқару кезінде абай болуы керек, қауіпсіз қашықтықты сақтауы қажет, ауа райы жағдайлары мен жол төсемінің жай-күйін ескере отырып, жылдамдық режимін қадағалауда ұстауы шарт. Елді мекендерден тыс жерлерге шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын мұқият тексеру керек", – деп атап өтті Әкімшілік полиция қызметкері Саят Бейсембин.
Қостанай облысының аумағында 2022 жылдың басынан бері 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.