Түзелуге ешқашан кеш емес

Құқықбұзушылықтың алдын алу және шартты түрде жазаға тартылғандардың қайтадан қылмысқа бармауын қадағалау мақсатында "Пробация" республикалық іс-шарасы өтуде. Ақпанның 29-да басталған шара 7-наурызға дейін созылады. Қостанай қаласының пробация қызметі осы уақыт аралығында тіркеуге алынған 610 тұлғаны тексеретін болады. Әсіресе, басты назарда бұрын жазасын өтеп келген қылмыскерлер ұсталып отыр. Сондай-ақ, тексеріс барысында жазасын өтеп келіп, қалыпты тұрмысқа бейімделгісі бар азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері қарастырылады.IMG_2119
Мұнымен қоса, аз қамтылған отбасыдан шыққан жазасын өтеушілердің құқықбұзушылыққа бармауы, қайталай қылмыс жасамауы ерекше қатаң бақылауда ұсталады. Мұндай типтегі айыпкерлерге психологиялық, құқықтық, медициналық көмектер көрсетіліп, білім алуларына, жұмысқа орналасуларына қолғабыс жасалмақшы.IMG_2124
Мәселен, шартты түрде сотталған С. баспанасыз көшеде қалғанын айтып, 1-наурызда пробация қызметіне көмек сұрай жүгінген. Жүзбе-жүз кеңесу нәтижесінде оның басындағы қиындықты дереу шешу керектігі аңғарылыпты. Әлеуметтік статусын қалпына келтіру үшін азамат С. тұрақ-жайы жоқ жандарға арналған Қостанай бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылды. Алдағы уақытта ол пробация қызметінің ғана емес, бейімдеу орталығының әлеуметтік қызметкерлері қамқорлығында болады.  IMG_2127
Жалпы, "Пробация" шарасының басты көздегені – бұрыс жолға түсіп, тағдыры талқандалған жандардың өмірден өздерін қайта табуына септік тигізу.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓