Құқық саласындағы медиация
Рудный қалалық сотында медиация тәртібінде талаптарды татуластыру әрекеттері жүзеге асырыла бастады. Ол үшін бітім-гершілік әрекеттерін жүргізуші судьялардың жұмыстары ұйымдастырылып, қалалық сот төр-ағасының үкімімен пилоттық жобаға қатысатын медиатор-судьялар белгілі болды. Олар А.Әбіл-қайыров, А.Аяпбергенова, В.Валитова, А.Дарбаев, И.Дезиев, Г.Жараспаева, А.Назарғалиева мен Е.Слободяник.
Құқық саласындағы медиация – тараптардың талас-тартыста мүдделі емес үшінші тарап – медиатордың қатысуымен дауларды баламалы реттеу технология-сының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда, медиация дауда тараптардың кімнің кінәлі, не кінәлі еместігін анықтауға бағытталмаған. Медиацияның түпкі мақсаты – дауласушы екі тараптың да мүддесі ескерілген қандай да бір бейбіт шешім табуды көздейді деуге болады.
Жыл басынан бері Рудныйда медиаторлардың қатысуымен 26 азаматтық іс қаралғанын айта кеткен жөн.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.