Үй егесімен қоса өртеніп кетті

Рудныйда жеке тұрғын үй өртеніп кетті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер нысан ішінен адам мүрдесін тапты…Пожарррр
Қалалық ТЖ бойынша басқарманың хабарлағанындай, кезекші бөлім дабылы түнгі сағат 00.14-те қағылған. 8 наурыз көшесіндегі №56 үй толықтай жалын құрсауында қалған. Алауды ауыздықтау кезінде ер адамның денесі табылды. Онда ешқандай зорлық-зомбылықтың ізі болмаған. Кейін анықталғандай, тілсіз жау құрбаны болған марқұм – 1973 жылғы осы үйдің иесі.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі тексерілуде, аталмыш дерекке қатысты материал ІІБ-на берілді. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓