Хабарлаңыз, сыйақы аласыз!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті қызметкерлері жұмыс сапарымен Әулиекөл және Қарасу аудандарында болды. Басты мақсат – 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру. Департамент өкілдері ұйымдастырған жиынға мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мектеп және колледж мұғалімдері, колледж студенттері, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайлы айтылды. Барлығы алты ауылдық округтің тұрғындары келді.  
4
– Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сөз етілді. Әсіресе, жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға 60 мыңнан 250 мыңға дейінгі көлемде материалдық көтермелеу белгіленгендігі хабарланды. Кез келген адам сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда «1424» жедел желісі бойынша мәлімет бере алады. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайында орналасқан. Тұрғындар әр уақытта көмекке жүгіне алады. Мұның бәрі аудандардағы жиындарда айтылды, – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Аида Бажирова.
Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы  оң өзгерістер жайлы түсіндірме жүргізіліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
3

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓