Құзырлы органның мерейтойы
Биыл Қостанай облысы прокуратурасының құрылғанына 80 жыл толып отыр. Қай заманда да Ата заңды алға тарта отырып, ең алдымен, ел азаматтарының құқығын қорғап, тыныштығына кепіл болатын органның жауапкершілігі мен міндеті арта бермесе, еш кеміген емес.
Мерейлі күнтізбеге байланысты Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Бас прокуратуралары басшылығының қатысуымен өңіріміздің прокуратурасы салтанатты шара өткізді. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастап, өңірдегі түрлі орган басшылары, ардагерлер қатысты. Ал, мерекелік құттықтау айта келгендер арасында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мен РФ Бас прокурорының бірінші орынбасары Александр Буксман бар.
Түрлі марапаттар, құттықтаулар, концерттік бағдарламаға ұласқан салтанатты шара «Демократиялық құқықтық мемлекетте прокурорлық қадағалаудың қалыптасуы мен дамуының қолданбалы және ғылыми аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласуда.
Қыдырбек Қиысханұлы,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.