«Ауылым – менің жұмағым»
Ауыл дегенде аңқылдамайтын адам жоқ шығар. Ауылдан көп жылдардан бері көшіп, алыстап кеткендерді кезіктіре қалсаң, айтатындары ауылдың тамылжыған тамаша табиғаты, балалық күнгі тәтті естеліктері. Ауылдың қасиеттілігін ұққандар үшін, әрине, туған ел, туған жер жұмақпен пара-пар.
Мен өскен ауыл Құмкешу деп аталады. Бірі білер, бірі білмес – ауылымның шетінде төбешік болып үйіліп жатқан құмдарды алғаш көргендер болса, таңданар еді.


Мырзабай Сералы,
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің журналистика мамандығының
3-курс студенті