Әлем кубогының қола жүлдегері

Қостанайлық Мәлика Мұқтарова Санкт-Петербургта болған арбадағы спорттық биден әлем кубогында қола жүлдегер атанды. Сайыс биылғы 9-11 қыркүйек аралығында өтті. Турнирге Қазақстан, Ресей, Австрия, Бельгия, Белоруссия, Гонконг, Италия, Корея, Словения, Финляндия, Жапониядан келген 200-ден астам спортшы қатысқан.IMG_9536Әлем кубогында Қазақстан құрамасының атынан қостанайлық Мәлика Мұқтарова, тараздық Наргиз Ахметова және қарағандылық Айгүл Балмағамбетова сынға түсті. Спорттық сайыс 10 аталым бойынша өтті. Атап айтқанда, «Ансамбль», «Комби», «Комби стандарт», «Комби латина», «Комби фристайл», «Дуо», «Дуо латина», «Дуо фристайл», «Сингл» және «Сингл фристайл». Жерлесіміз Мәлика Мұқтарова «Фристайл» аталымында қола жүлдеге ие болып, әлем кубогының «Чемпиондар шоуы» финалдық концертіне  қатысты.IMG_9344– Мәликаның әрбір жеңісіне қуанамын. Сайысқа қатысарда қобалжып, тілеуін тілеп отырамын. Балам биіктен көрінсін. Ең бастысы денсаулығы мықты болсын,-дейді әжесі Ұлболған Аяғанова.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Сурет «Қостанай таңы» газетінің жеке мұрағатынан алынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓