Дәрігер айыппұл арқалады

Арқалық қаласының туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері Дәмеш Қосмұхамбетова мекеме қаражатының 565 мың теңгесін қолды қылғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.3705661-e1531385508105
«Қостанай облысында Арқалық аймақтық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Дәмеш Қосмұхамбетова сотталып, оған 5,6 млн теңге айыппұл салынды», – деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.
Ол 2013-2017 жыл аралығында өзінің қызмет бабын пайдаланып, жалпы сомасы 565 мың теңгені жымқырып, өз пайдасына жаратқан.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓