Алимент борышы миллион теңгеге жуық

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1977 жылы туған С-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы бойынша жауапқа тартылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат С. 1999 жылы туған баласына алимент ретінде азаматша С-ға ай сайынғы кірісінің 4/1 бөлігін төлеп тұру туралы сот бұйрығын орындамаған.
Сот орындаушысының қаулысына сәйкес, оның 11 қыркүйекке дейінгі алимнет бойынша қарызы 885 000 теңгені құраған.
Сот отырысында С. өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен С. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 тәулікке қамауға алу түріндегі жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓