Мониторинг нәтижесі: 220 млн теңге үнемделді

Мемлекеттік сатып алу шараларына жүргізілген мониторинг арқасында 220 млн теңгеден артық қаржы үнемделді. Бұндай нәтижеге «Атамекен» КҚҰП «Сатып алудың бірыңғай терезесі» аналитикалық жүйе мониторингінің арқасында қол жетті. Жүйеде сыбайлас жемқорлық қылмысының жасалу ықтималдығы зор. Антикор қызметкерлері келісім-шарттардың техникалық сипаттамаларын, бірдей тауар, жұмыс, қызметтердің бағалы ұсыныстарын «қолдан жасау» тәртібімен салыстырады.
«Сыбайлас жемқорлық қылмысының әрбір екінші дерегі мемлекеттік сатып алу секторына тиесілі. Осы осалдықты ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектордың сатып алулар мен олардың "бірыңғай терезе" порталына, тауарлар мен қызметтердің негізсіз қымбаттауына тұрақты мониторинг жүргізеді», – дейді Департамент басшысының бірінші орынбасары Ержан Лұқпанов.
Оның айтуынша, мониторинг нәтижесі «тәуекелдер тобындағы» бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілеріне жолданады. Басты мақсат – сатып алу жоспарында «ақылға қонымды» бағаның тұрақты бекітілуін бақылауда ұстау.
Мысалы, 2022 жылдың күзінде денсаулық сақтау саласы ұйымдарының бірі 10 млн теңгеден астам қаржыға керуеттер сатып алғысы келген. Ашық сауда алаңдарындағы бағалар мониторингі нәтижесінде техникалық құжатта көрсетілген сипаттамалары сәйкес келетін керуеттер бағасы 40% арзан тұратыны анықталды. Ақырында, бюджет қаражаты 3,5 млн теңгеге үнемделді.
Сондай-ақ, Қостанай колледжі жалпы құны 21 млн тенге болатын 15 ноутбук сатып алуды жоспарлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ұсынысынан кейін сатып алу жоспары жалпы құны 6,5 млн тенге болатын 10 ноутбукке дейін кемітілді. Яғни бес ноутбук қажеттіліктен тыс сатып алына жаздады.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тексеріс шаралары кемшіліктерді уақытылы жоюға мүмкіндік берді. 2022 жылы департаменттің ұсыныстары бойынша, 220 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓