Тонаушы темір торға тоғытылды

Аманқарағай ауылының  полиция бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының арқасында, дүкенге түскен ұрыны дер кезінде анықтады. 
Мамырдың 9-ы күні түнге салым азық-түлік дүкеніне белгісіз біреулер ұрлыққа түскен. Нысанға көнетоз құлыпты сындыру арқылы енген қаскүнемдер 56 мың теңге көлеміндегі тауарларды  қолды қылған.Кража
Дүкеннің тоналғанын ертеңіне қожайынының өзі алғашқы болып көреді. Сауда нүктесі маңына шашылған әйнек сынықтары мен қираған құлыпқа көзі түскен ол, ішке енгенде астаң-кестең шығып қана қоймай, азық-түліктің дені қолды болғанын байқапты.
Қылмыс орнына жеткен жедел іздестіру тобы, тиісінше, жергілікті тұрғындар арасында сұрау амалдарын жүргізді. Нәтижесінде, дүкеннің теміржол бекетіне таяу орналасқанына қарап, тәртіп сақшылары қылмыскерлердің жолаушылар болуы ықтимал деген байламға келді.
Полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан әрекеттерінің барысында, Қарасу ауданының Октябрьский елді-мекенінде тұратын 20 жастағы күдікті ұсталды. Құрықталған азаматтың ешқайда оқымайтыны және ешбір жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді құқық қорғаушылар оның ауыл аумағында жасалған өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тергеу үстінде.
 
Жандос Жүсіпбек
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓