ЕХРО-2017 – ел әлеуетін көрсетудің мүмкіндігі

Елдің жүрегі – Астана мәртебемізді биіктетіп, айбынымызды асқақтатып келеді. Алысты жақындатты. Қазақ елін жатқа танытты. Оның бір айқын дәлелі – бүкіләлемдік «ЕХРО-2017» көрмесі болмақ. ЕХРО – даму бетбұрысының белесі, миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық ерекшеліктерін танытатын және экономикалық, технологиялық дамуының деңгейін көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады.
27-32017» халықаралық көрмесін өткізу орталығы құқығына ие болуына байланысты бұл идеялар елордамызда ерекше енпінмен жанданатын болады. EXPO- -2017 көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отырған мәселе. Жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқанын, энергетикалық сұранысын қанағаттандыру өзекті проблемаға айналып барады. Мамандардың пікірінше, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қолданып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын әлемдегі энергия қуатыың үлесі әлі де аз. Астана қаласы «EXPOАстанада өтетін Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше. Ал ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. IMG-20151109-WA0026

Қазіргі кезде Есіл ауданындағы жалпы аумағы 173,4 гектар жерде көрме кешенінің құрылысы жүріп жатыр. «ЕХРО-қалашықта» сауда-саттық, ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, әлеуметтік-мәдени, білім беру және денсаулық сақтау нысандары, бақтар мен желекжолдар салынады. Алып кешеннің дәл ортасында тамшы бейнесіндегі диаметрі 120 метрді құрайтын Қазақстан павильоны орналасады. Сұлулығы көз тартар халықаралық және корпоративтік павильондар оны жан-жағынан қоршап тұрады. Олардың ішінде Ұлттық күн павильоны, Өнер орталығы, Энергия холы, «Өмір энергиясы», «Баршаға арналған энергия» деп аталатын тақырыптық павильондар бар. Құрылыс алаңы көптеген бөліктерден тұрады. Нысандарды құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде. Қалаға деген көзқарас оның «табалдырығынан» қалыптасады. Сол себепті қалаға кіреберіс тұста салынып жатқан ғимараттар өзінің қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен көздің жауын алып тұруы шарт. Ұйымдастырушылар  шеттен 2 жарым миллион қонақ келеді деп отыр.  Осыған орай Елордада қосымша 24 қонақүй, 4 жатақхана салынады. Күні бүгін қалада, 30 мың  мейманхана бөлмелері бар болса, 2017 жылға дейін қосымша 5 мың орын қосу жоспарланған. Өткен жылы  құрылыс барысына 296 отандық компания қатыстырылған. Тікелей және жанама түрде Астана мен өңірлерде 46 мың жұмыс орны қамтамасыз етілген. Қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, Шанхай мен Милан қалаларының тәжірибесі қолданылады. Қосымша бейнекамералар орнатылып, ақылды қала жүйесі іске қосылады. Бұл алда атқарылатын шаралар.Көрме кешеніндегі барлық көлік қою орындары ең жаңа технологияларды пайдаланумен автоматтандырылатын болады. Көрме аумағына кіретін көлік құралдарын сәйкестендірудің сан алуан әдістері қолданылады. Сондай-ақ, WEB-қосымшаның көмегімен көлік қоятын орынды брондау мүмкіндігі беріледі. IMG-20151109-WA0034

«ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінде «Сфера» алаңы сәулет символына айналады деп күтілуде. Ауданы – 5000 шаршы метр. Онда «Қазақстан» павильоны орналасқан. Алып шардың диаметрі — 80 метр, жер асты бөлігі бар сегіз қабатты ғимараттың жалпы ауданы шамамен 26 мың шаршы метр болады. Құрылыстың сыртқы қабаты әйнекпен қапталады. Алып шардың жоғарғы бөлігінде екі жел генераторы орнатылады. Сфераның ғимаратында музей, сонымен қатар, «Қазақстан-Астана» павильоны орналасады. Құрылыс жөндеу учаскесінің басшысы Арман Көшімбековтің айтуынша, бірінші қабатта тақырыптық маршрут ұйымдастырылады, яки қонақтар бұл бағытпен жүре отырып мемлекеттің даму тарихын көреді Һәм әсем жерлері мен мәдени дәстүрлері туралы мәлімет алады.IMG-20151109-WA0035Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, көне тарихымен, өнерімен таныстырады. Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы танымалдылығы мен тартымдылығын жоғарылатады. Көрме кезінде туристерге мыңға тарта автобус қызмет көрсетеді. Қытай, Литва, Ресей елдері өздерінің мәдени апталықтарын өткізуді жоспарлап отыр. «ЕХРО-ға» еріктілер де тартылып жатыр. Қазір олардың саны 3 мыңға жеткен.

Иә, сырт елдер Қазақстанды ауызбіршілігі мол, ынтымағы жарасқан халық деп біледі. Осы бірліктің арқасында еліміз дамып келеді. Тұғырлы татулықтың аясында Қазақстан күллі әлем қызыға қарайтын дәулетті мемлекетке айналады. vetryaki

 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ.

 
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓