Оралдықтар еліне оралды
Батыс Қазақстан облысы бөлімшелерінің құқарушы топтары қызметкерлерін қостанайлық әріптестер салтанатты түрде үйлеріне шығарып салды. Жігіттер қостанайлық құтқарушыларға су тасқынына тойтарыс беруге көмектесу үшін шамамен екі апта бұрын келген. Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов Батыс Қазақстан ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермағамбетовке құрмет грамотасын табыстап, батысқазақстандық құтқарушыларға жедел, масштабты әрі жан-жақты көмегі үшін алғысын білдірді.– Шалғай ауылдағы аяғы ауыр әйел адамға көмекке келгендеріңіз үшін үлкен алғыс, – деп тоқталып кетті Ғ. Нұрмұхамбетов. -Сол күні резеңке қайықпен бұрқасын суға тойтарыс беріп, айы-күні тақаған болашақ ананы келесі жағаға жеткіздіңіздер. Оған дәрігерлік көмек көрсетіліп, дүниеге тағы бір Қазақстан азаматы келді.Құтқарушылар өз жоғары кәсібилігін әр күн сайын көрсетті. Олар епті де айқын жұмыс істеді, өз қызметтік әрі азаматтық борышын аянбай орындады. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та өз атынан құрмет грамотасын табыстады.Батысқазақстандық құтқарушылардың ауыр жағдайдағы қиын да әрі ауыр еңбегі үшін Қостанай облысының ТЖ Департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімов те алғысын білдірді.
Қостанай облысының ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.