БАҒА БҰЙДАСЫН ҮЗБЕК

Қазақстандағы бензин бағасы Ресеймен теңестірілуі мүмкін. Бұл жайында еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пікір білдірген болатын.
"Алдағы бір, бір жарым айда алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бензин және дизель отыны нарығында қандайда бір ауытқулар болмайды. Бензин мен дизель отынының құны реттелмелмейді, қазір барлығы да сұраныс пен ұсынысқа байланысты", – деді министр. 
"Бұл тұтынушы үшін жақсы, себебі бензин бағасы төмен және дизель отынының да бағасы аса қымбат емес. Менің айтайын дегенім бензин бағасы бізде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен салыстырғанда әлдеқайда арзан", – деді ол. 
Қанат Бозымбаев уақыт келе Қазақстандағы жанар-жағармай бағасы Ресейдікімен теңесетінін айтады. 
"Біз бағаны көтеруге мәжбүр боламыз. Баға бірден емес, кезең кезеңімен көршілердікімен теңестіріледі. Қазіргі уақытта біздегі бензин Ресей бағасымен  салыстырғанда 100 теңгеге арзан. Арзан өнімге құныққандар біздің өнімдерімізді сыртқа тасып жатыр. Кез-келген тыйым салулар шекарадағы сыбайлас жемқорлықты жояды", – деді ведомство басшысы.
Энергетика министрі баға әзірге тұрақты сақталады дегенімен, бензин құны бәрібір де жақын арада көтерілетін болды. Оған акциз мөлшерінің көтерілуі себеп болмақ. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың уәжіне құлақ асар болсақ, қазіргі уақытта бір литр жағар майға телінген акциз мөлшері 8 теңге. Ұлттық экономика министрлігі оны 10 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Бұл мәселе алыдмен, Үкіметте қаралуы тиіс. Жоғары тарап қаулы шығарған жағдайда бензиннің нарықтағы құны 10 теңгеге артуы мүмкін.
"Қазір бюджеттің әлеуметтік салаға қатысты шығындары көп. Сондықтан нарық бағамы да соған сай болуы тиіс" дейді министр Дәленов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓