Тақырып таңдалды
«Қостанай облысының «ГрИн» Азаматтық Альянсы» облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауы аясында қоғамдық тыңдау өткізді. Тірек тақырып – «Басым бағыттардың шеңберінде іс-шаралар кешенін құру». «ГрИн» төрайымы Динара Өтебаеваның айтуынша, жобаның негізгі мақсаты – тиімді формалар мен жұмыс әдістерін пайдалана отырып аймақтарда Жолдауды жалпы насихаттау мен түсіндіру. Сондай-ақ, кешенді іс-шаралар туралы ақпарат тарататын болады. Жаңа экономикалық саясаттың басымдығы – барлық салалар үшін Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдарын дамытудың алғышарттарын қалыптастыру.Қоғамдық тыңдау кезінде беделді сарапшылар, шығармашыл зиялы қауым, көшбасшы жастар іріктеліп, насихат тобының құрамы бекітілді. Сарапшы топ «Тобыл-Toғaй тұлғалары» виртуалды мұражайына да аймақтардан тың деректер жинақтамақ.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ.
Суретте: қоғамдық тыңдаудан көрініс.