Ұшты-ұшты, батут ұшты…

Қостанай қаласының «Тәуелсіздікке 25 жыл» саябағында қатты желдің екпінінен батут аударылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досановқа сілтеме жасап, "ҚазАқпарат" тілшісі хабарлайды.батут
Оқиға 31 мамыр күні кешкі сағат 21:30 шамасында Гашек көшесіндегі саябақта болған.
«Тәуелсіздікке 25 жыл» саябағындағы ұзындығы 8 метр, биіктігі 3 метр болатын үлкен батут 10-12 адамға шақталған. Жылдамдығы секундына 17-18 метрге жететін күшті жел батутты аударып тастады. Жел тұрған кезде иелері батут ішіндегі желді шығармақ болған, алайда үлгерген жоқ», – дейді У.Досанов.
Оның айтуынша, батут құлаған кезде зардап шеккендер болған жоқ.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓