Жазықсыз құрбандарды еске алды
Бүгін осыдан 77 жыл бұрын қазақ халқының тарихында орын алған «Сталиндік репрессия» құрбандарын еске алу рәсімі еліміздің түпкір-түпкірінде өткізілген еді.
Айтулы оқиғаға орай облыс орталығындағы Жеңіс саябағында арнайы митинг ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов пен қала басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, соғыс және еңбек ардагерлері, кешегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты. Жиын барысында өңір басшысы Нұралы Сәдуақасов сөз сөйлеп, аға буын өкілдерінің нәубет жылдары бастан өткерген қайғы-қасіреттерін есте сақтау кейінгілердің парызы екендігіне тоқталды. Тарихтың ақтаңдақ беттеріне зер салсақ, зобалаң уақытта 25 мыңнан аса қазақстандықтың өмірі қиылды. 103 мың адамға орынсыз айып тағылып, сотталды. Оның төрттен бірі атылды. Қазақтың қаншама ұлы тұлғалары «халық жауы» атанып, түрме азабын тартқаны ел есінде.
Мешіт Ғазиз
Жеңіс саябағында өткен арнайы митингнің суреттерін келесі сілтемеден көре аласыздар