Пырақтар тұғырға қонуда

Қостанайдағы Таран көшесі арқылы Тобыл өзені үстімен өтетін үлкен көпірдің бергі бетіне қанатты тұлпардың қоладан жасалған төрт бірдей мүсіні орнатылуда. пыракЖалпы, көпір құрылысы біткен соң пырақтардың тұғырға қондырылатыны туралы маусым айында-ақ мәлім болып, қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі үздік нобай үшін байқау өткізген еді. Мемлекеттік сатып алу құны 86 млн теңгеден астам болды. Байқау нәтижесінде "Балқыту" ЖШС-нің ұсынысы ең лайықты деп танылды.
Қазір мамандар жұмысқа кіріскен. Бетоннан құйылып, гранитпен қапталған іргетастың биіктігі – 2,5 м, ал пырақ мүсінінің биіктігі – 3,7 метр. Айта кету керек, қанатты тұлпардың төртеуі де қоладан жасалып қана қоймай, алтынмен жалатынған.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓