Кітапхана жөнделеді

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы Л.Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға барды. Облыс әкімі бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасына жазды.толстовка"Кітапхана 370 орынға арналған, әр түрлі оқу бөлімдері бар. Сондай-ақ кітапханада акт залы, әмбебап оқу залы, конференц зал, өлкетану әдебиеті бөлімі, америка бұрышы, өнер әдебиеті бөлімі және басқалар бар. Кітапхана 1979 жылы салынған, ауданы – 6092,6 шаршы метрді құрайды, – деп мәлімет бере кетті А.Мұхамбетов. – Қажеттілікті ескере отырып, кітапхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырдым".толстСондай-ақ, аймақ басшысы i-Qala жобасын іске асыру мәселесін пысықтағанын да атап өтті. Бұл жоба облыс орталығының коммуналдық кәсіпорындары қызмет көрсететін фронт-кеңсе ашуды көздейді.
"I-Qala жобасын іске асыру үшін ғимаратты жоба бойынша қарауды, сондай-ақ оны жан-жақты пысықтауды және ғимаратқа қажетті есептеулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырдым", – деп түйіндеген облыс әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓