Ресейде қазақстандық азамат жоғалды
Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған Қазақстан азаматын іздестіруге кірісті.
Челябі облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан тұрғыны Алексей Гаршин 1-қыркүйекте Ресей шекарасына өткен. Көрші елге ол Hyundai Santa Fe маркалы көлігімен барыпты. Челябі облысы Варненский ауданының Николаев елді мекеніндегі кедендік бекет арқылы шекара асқан.
Ресейлік полицейлер көлікті азаматтың "Челябі-Тройцк" тас жолы арқылы жүрген деп жорамалдап отыр.
Жоғалған қазақстандықтың белгілері: жасы 40 шамалас, бойы 165-170 см, толықша денелі, шашы қысқа, қара, көздері көкшіл.
Гаршиннің жоғалғаны туралы хабарландыру ВК әлеуметтік желісінде пайда болған. Оны туыс-туғандары жариялаған. Олардың айтуынша, ол 1-қыркүйекте сағат 22.00-де Лисаков қаласынан шығып, Екатеринбургке бағыт алған. Көлігінің мемлекеттік нөмірі – P041YKM. Ол 2-қыркүйектен бастап байланыс аясынан тыс қалған.
Қандай да бір ақпараты бар адамдардан мына нөмірлерге хабар беру сұралады: 8-777-634-92-79, 8 -777-879-62-50, 8-702-782-08-00, ресейліктер "02" нөмірі арқылы байланыса алады.