Бұл соңғы қоңырау жылдағыдан өзгерек

Бүгін – 25 мамыр. Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өтетін соңғы қоңырау көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлайтын. Бұл күні ақ бантик таққан арулар мен ақ жейделі ұлдар мектепке қарай ағылып жататын. Биыл мұның бірі де жоқ. Барлық салтанатты шаралар кейінге шегеріліп, тек соңғы қоңырау рәсімін әр сынып өзінше қашықтан өткізіп жатыр.

сайтка222222222222

Біз Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясының «Жас сарбаз» 11 «а» сыныбының қашықтан өткен соңғы қоңырау рәсіміне куә болдық. Сынып жетекшісі Жайнагүл Аюуш оқушыларымен онлайн жүздесті. Шәкірттерін соңғы қоңырау рәсімімен құттықтап, ақжол тіледі. 

– Біздің 11 «а» сыныбында 20 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Оның  жартысы жақсы оқиды. Осы оқу жылында 3 оқушым ғылыми жоба қорғап, 2 орынға ие болды. Соңғы сәтте шәкірттерімді қимастықпен шығарып салып отырмын. Әрине, салтанатты жиында бір-бірімен қауышып, құттықтап шығарып салғанға не жетсін! – дейді сынып жетекшісі әрі химия пәнінің мұғалімі Жайнагүл Аюуш.

Түлектерге жалпы орта білімді аяқтағаны туралы аттестат беру рәсімі 3 маусымда сағат 10.00-де өтеді.

-Бұл шараға оқушыларымыз бен ата аналар, мұғалімдер қатысады, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра өткізу тапсырылды. Түлектер алдағы 20 маусым мен 7 шілде аралығында ҰБТ емтихандарын тапсырғалы отыр. Біздің мектептен 11 сынып бітіруші 20 түлектің 19-ы тегін грантқа үміткер ретінде ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірді, – деді №28 мектеп-гимназияның директоры Айгүл Қазиева.

сайтка222222222

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Баймақанованың айтуынша, биыл оқу жылында Қостанай облысының мектептерін 4418 түлек тәмамдайды. Оның ішінде 192 оқушы «Алтын белгіге» үміткер. Биыл 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау жүргізілмейді. Аттестат биылғы оқу жылы бағалары негізінде қойылады. Сондай-ақ, биылғы мектеп бітіру шарасының қалай өтіп жатқаны жайында айтып берді:

-Осыдан үш күн бұрын кәсіптік бағдарлау бойынша барлық 11-сынып түлегі үшін «Балапан» және «Еларна» телеарналарында бірыңғай телесабақтары жүргізілді. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді телеарналар арқылы құттықтады. Сондай-ақ бүгін кесте бойынша 1-10-сыныптар үшін онлайн сынып сағаттары, соңғы қоңырау салтанаты өтті. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түлектерді облыс әкімі А.Мұхамбетов құттықтады, – деді А.Баймақанова.

11111111111111

 

 

 

Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓