Робот техникасы

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде робот техникалары олимпиадасының қалалық мектептері арасындағы аймақтық кезеңі өтті.
Іс-шара оқушылар арасында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, жоғары технология және инновация саласына қызығушылықты арттыру, болашақ мамандықты таңдаудағы пәнаралық байланысты нығайту дамыту мақсатында ұйымдастырылған.IMG_2344
Жалпы, Қостанай қаласы бойынша өткізілетін байқауға сайыс қожайындарынан бөлек,  Қостанай, Рудный қалаларының мектептері де бір-бір командадан алып келді.IMG_2307
Қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебіндің оқушылары Темірлан Сәбитов пен Виктор Ковальчук иеленді. Сондай-ақ, Ерсұлтан Бұқарбаев пен Әлішер Муменовтер жасаған роботтар да жоғарғы бағаға  ие болды.   
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Абылай Қасымовтың айтуынша, «Робот техникасы» элективтік курсы бойынша мұғалімдерді оқыту  16 қалада  өткізілді. Біліктілікті арттыру курстарында үш мыңға жуық информатика мұғалімдері қатысыпты._MG_2405
– Мұндай сайыстар оқушының ойлау қабілетін арттыруға, техникалық ептілікті дамытуға жақсы септігін тигізеді. Бұл байқау 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Сайыс әр маусымда белгілі бір тақырыпта ұйымдастырылады. World Robot Olympiad – мектеп оқушылары және студенттер арасында өткізілетін робототехника бойынша Дүниежүзілік олимпиадасы. Осы жолы таңдалған тақырып – "RAP THE SCRAP" (Қалдықтармен күрес). Менің ойымша, қатысушылар берілген тақырыпты қорғай алды, – деді Абылай Қасымов.
Суретте: Робот техникасына қатысушылар
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓