Қостанайда мал базары ашылды
Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қостанай қаласында бірқатар игі істер жүзеге асырылды. Әуелгісі, Орталық мешіттен бастап, халық игілігі үшін мал базары ашылды. Бұрын Қостанайда арнаулы мал базары болмаған-тын. Жаңа базар Федоров тас жолынын бойында орналасқан. Әп сәтте-ақ "Қостанай Мал Базары" ЖШС ұйымдастырған алаңда 4 ірі қара, 300-ге тарта қой сойылды. Бұл жерде алып-сатардан бөлек, құрбанды сойып беру, жіліктеу, шек-қарын ашу сияқты қызметтер көрсетіледі.



Ақпарат мына сайттан алынды: https://old.kostanaytany.kz