“Нұрлы жер” бағдарламасына 2 млрд теңге бөлінді

Қостанай облысындағы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатынмен биыл Ұлттық қордан 2 млрд. 368 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 20170518175329«2017 жылы сатып алу құқығынсыз 7 жалдамалы тұрғын үй құрылысына 1 млрд. 562 млн. теңге бөлінді. Олардың қатарында Рудныйда екі үй, Заречный ауылында екі үй (берілуі биылғы жылға жоспарланып отыр), сондай-ақ, Қостанайдағы үш үйдің (берілуі 2018 жылы) құрылысы бар. Барлығы 381 пәтер», – деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы мониторинг және есеп бөлімінің басшысы Мирас Серғалиев.
Заречный ауылындағы Северный шағын ауданында 27 және 18 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, әуежай аумағында үш қабатты тұрғын үй және Рудныйда екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жоспарланып отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓