Алып қияр

Биылғы бақша жиын-теріні қарабалықтық Печенкиндер отбасына тосын сый жасады. кияр
Мына алып қиярдың (суретте) ұзындығы – 30 сантиметр, ал салмағы – 2 келіге жуық. Мұндай көлемді көкөністі өмірлерінде алғаш рет кезіктірген бағбандар отбасы "олжаларымен" бірге жергілікті газет редакциясына барыпты.  
– Ол бұталар арасында жасырынып жатты. Сондықтан шығар, оған аса мән бермей келіппіз. Басқаларды "басып озуының" сыры да осы болар, – деп марқайыпты отағасы Борис Печенкин.
Ең қызығы, "бұл алып қиярды енді не істемексіздер?" деген сұраққа зейнеткер: "Шамасы, бір тойып жейтін шығармыз…",- деп қана жауап берді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓