“Тобыл” Түркияда 4 матч өткізеді

«Тобыл» футбол клубы жаңа маусымға дайындық жұмыстарын Түркияда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.тобыл
Қостанайдың клубы жаттығу ойындарын 7-22 қаңтар аралығында өткізеді. Команда Анадолы жерінде 4 бақылау матчын ұйымдастырмақ. 12 қаңтарда жергілікті «Чайкур Ризеспор» клубымен кездессе, үш күннен соң танымал ұжым «Сивасспор» қостанайлықтардың қарымын байқап көреді.
Ал 18 қаңтар күні Албанияның «Тирана», 22 қаңтарда ресейлік «Луч Энергия» командаларымен жолдастық кездесулер жоспарланған.  Жиынға клубтың негізгі ойыншылары жəне жастар құрамынан бірнешеуі шақырту алған.
Мұнымен қоса, «Тобыл» сапы қаралымға келетін фтболшылармен толығады. Бас бапкер Владимир Никитенконың айтуынша, клуб қазірдің өзінде 4 аяқ-доп шеберімен келісімшартқа отырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓