8 грамм марихуана үшін…
Қазақстан-Ресей шекарасынан контрабандалық жолмен марихуана алып өтпек болған Қостанай облысының тұрғынына 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарабалық аудандық сотының үкімімен 27 жастағы азамат 7,96 гр марихуананы заңсыз алып, шекарадан өтуде айыпты деп танылды. Ер адамды ҚР мемлекеттік шекарасында «Қайрақ» шекаралық бақылау жасағы ұстады. Сот қылмыскерге 1 миллион теңгеден астам айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.