Көрген көзде жазық жоқ
Қостанай қаласында әуежайға барар жолда түрлі билбордтар мен маңдайшалар ілінген. Осы маңнан олай-бұлай өтетін меймандардың және жерлестердің сондағы жазуларды оқып өтері белгілі. Бірақ көбі жіті зер сала бермейтін сыңайлы. Өйткені бақырайтып таңбаланған мәтіндегі өрескел қате "Көрген көзде жазық жоқ" айдарының назарына ілініп отыр. "Қазақстан – біздің ортақ Ортанымыз" деген мәтіннің қателігі сіздің де көзіңізге қиындықсыз шалынған болар. "Отан" дейтін қастерлі сөздің бұлайша "бүлініп" тұрғаны шынымен де жанды ауыртады.