“Алау эстафетасы” – Қостанайда

Биыл Алматыда егеменді Қазақстанның тарихында тұңғыш рет бүкіләлемдік қысқы студентік ойындар өтеді. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу мерзімі: 2017 жыл, 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығы.
Бүкіләлемдік қысқы Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) аясында өткізілетін Халықаралық спорттық сайыс.
Дәстүр бойынша, Олимпиада және Студенттік ойындар Алау эстафетасын жүргізуімен басталады. «Алау Эстафетасы» жобасының арқасында 28-ші дүниежүзілік қысқы студенттік ойындар Қазақстанда ашылу салтанатына бес күн қалғанда басталады.алау эстафетасы
(сурет ғаламтордан алынды)
Әрбір облыс орталығында өз Алауының пайда болуы және Эстафетаның өз кезеңі өткізіледі. 26 қаңтарда облыс орталығы Қостанай қаласында Алау жағылады.
Қостанай қаласындағы эстафетаға 60 алаугер қатысады.
Эстафетаның өңірлік кезеңдері өткеннен кейін Алау Алматы қаласына жеткізіледі.
Қостанайлықтар мен қала қонақтарын 26 қаңтар күні Алау Эстафетасына қатысуға шақырамыз. Бас дайындығы 19 қаңтарда өтеді. Аталған іс-шаралар автомобиль жолдары мен көшелердің уақытша жабылуымен сүйемелденетін болады .
Алау эстафетасының өту бағыттарының және жолдардың жабылатын учаскелерінің сызбалары  қоса беріліп отыр.1 - кезең
 
2 - этап ссайткаҚұрметті қостанайлықтар және қала қонақтары! Сіздерді айналып өту учаскелерінің бағытын таңдап, өз қозғалыс бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды, жолдарда ыңғайсыз жағдайды болдырмауды сұраймыз.
 
Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓