Қостанай өңірінен мұнай табылды
Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданынан мұнай табылды. Қазір өңірде геофизикалық жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы «Қазақ радиосының» облыстағы меншікті тілшісі Нұрқанат Құлабаев хабарлайды.Астықты аймақтағы мұнай қорын анықтаумен айналысып жатқан геолог-мамандар зерттеудің өткен ғасырдың жетпісінші жылдардан басталғанын айтады. – Әулиекөл мұнайын барлау, оның мөлшерін анықтау жұмыстарымен ұзақ жылдар бойы «Энергоресурс» серіктестігі айналысып келеді. Бүгінде мұнай кен аумағында барлау ұңғысы қазылды. Жер қойнауындағы қара алтын қорының қанша тереңдікте жатқандығы анықталды. Мұнайдың ауданы да нақтыланды. Әулиекөл мұнайы шамамен 1 254 шаршы километр ауданды алып жатыр, – дейді серіктестік директорының орынбасары Нұрлан Мейіржанов.
Әулиекөл ауданындағы мұнай өндірісін ілгерілетуге қазірше инвесторлардың жоқтығы қолбайлау болып отыр. Ал, геолог-мамандар мұндағы мұнай қоры болжанған мөлшерден әлдеқайда мол болып шығуы мүмкін дейді.