Жастар мәселесі қаралды

Жақында Тимирязев ауылдық округінің әкімдігінде облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасының қатысуымен аудан әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.сар
Күн тәртібінде 3 сауал қаралды. Алғашқысы – «Әлеуметтік кәсіпкерлік». «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту туралы» болды. Бұл жайында Сарыкөл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі және жастар кәсіпкерлік клубы баяндама жасады. Спикерлер жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдар бірігіп, жастар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту керектігін айтты. Жастар кәсіпкерлік клубының басшысы, бастаушы кәсіпкер Нұрлан Қажиев жаңа оқу жылы іске асырылатын мектептегі жастар кәсіпкерлігі қызметі жайындағы жоспарларымен бөлісті.
Жастарды жұмыспен қамту мәселелері және оларды шешу жолдары туралы, жұмыссыздар тізімі мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен жұмыс барысы сараптама қорытындысы бойынша жастар ресурстік орталығы жанындағы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жауапты қызметкер Әсел Мәзенова баяндады. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша Тәгіл, Краснознамен және Севастополь ауылдық округ әкімдері сөз сөйлеп, ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар жайында, жұмыспен қамтылған жастар және ауыл шаруашылығы отрядтарының қызметі туралы баяндады.сары
Соңғы сұрақ бойынша жастар ресурстік орталығының директоры Елена Данилова мәлімдеді. Ол қазіргі таңда Қазақстан Республикасында өзекті мәселе жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында қозғады. Бұл мәселе бойынша негізгі жұмыс пікірталас клуб арқылы жүргізіліп, онда қатысушылар сыбайлас жемқорлық мәселелерін, экстремизм мен терроризм және басқа да проблемаларды талқылауға қатысты.
Қорытындысында Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасының өкілі Ақмарал Құрманова Сарыкөл ауданы ауылшаруашылық жасағы және жас кәсіпкерлер мектебі секілді жаңа жобалар мен көптеген қызықты бастамалар орталығы болып табылатындығын атап өтті.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓