Бәсекеге қабілеттілік арта түспек

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Франциядан келген Экономикалық әріптестік және даму ұйымы Еуразиялық бағдарламасының жетекшісі Антонио Соммамен кездесті. Тараптар қазақ-француз әріптестігінің келешегін талқылады. Олар Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті тереңдетуге, бірлескен жобалардың қатарын арттыруға ниетті.
Еуропалық ұйымның мақсаты – өңіраралық бәсекені арттыру. Осы арқылы экномиканы реформалау және іскерлік ахуалды жақсартқысы келеді. Облыс билігі де шетелдік инвесторлармен бірігіп еңсерілмей жатқан салаларды қайта тірілтіп, шағын бизнеске серпін беруді көздейді.IMG_2021Кездесуде өңір басшысы А.Мұхамбетов облыстың экономикалық әлеуетіне тоқтала кетті. Алдымен, екпінді агроөнеркәсіп пен көлік құрастыру саласына түсірді.
-Мақсатымыз – тек жобалар санын көбейту ғана емес, өнім көлемін ұлғайту. Біз ұлттық компаниялармен белсенді жұмыс жүргіземіз. Сол арқылы тұрғын үй құрылысы мен автожол жайы жақсарып келеді. Сондықтан, алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Инвестиция тарта отырып, жергілікті өнімдерді пайдалану қажет,-дейді облыс әкімі.
Антонино Сомма айтып өткендей, бұл жобаның стратегиялық маңызы зор. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түспек. Сәтін салса, бұл бастама 4 жыл жалғаспақ, қазіргі таңда тек бірінші кезеңі еңсеріліп отыр.IMG_2041-Жоба шеңберінде 3 бағыт бойынша жұмыс істедік. Біріншіден, бәсекеге деген қабілеттілікті арттырып, инвестиция тарту. Екіншіден, стратегиялық жоспардың жүзеге асуын қадағалаймыз. Үшіншіден, біз нақты бір бағытты таңдап, оның іске асуына кедергі болатын әкімшілік жәңе заңнамалық мәселелерді ретке келтіреміз. Біз өткізген үш кездесудің нәтижесінде Қостанай облысының әлеуеті жоғары екендігін байқадық. Басқосуда талқылаған бірқатар жобалар қазірдің өзінде өңірде өз бастауын алды,-дейді А.Сомман.IMG_2049Облыс әкімі қолға алған барлық жобаларға уақытылы әрі сапалы көмек көрсетуге уәде етті. Келушілер іссапар барысында жобаға қызығушылық танытқан мемлекеттік ұйымдар және облыстық кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен бірге «СПК «Тобол» АҚ, «АгромашХолдинг» АҚ сынды өндіріс ошақтарын аралады.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
.  
     
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓