ЭКСПО-2017 еріктілері дайындыққа кірісті

Астанада ЭКСПО-2017 еріктілер қызметінің қатысушыларын дайындау бойынша бағдарлама басталды. Тыңдаушылардың бірінші тобы қақтығысты жағдайларды шешу бойынша тренингтен өтті. Астаналық еріктілермен бірге астанада супервайзерлер оқудан өтті, олар өз тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісуі тиіс.   експоо
Болашақ жылда қойылған мақсаттарға жауап беретін 4500-нан астам еріктілер өтеді. Көрме аумағында адами ағынды басқаратын еріктілер Көрме инфрақұрылымының объектілері мен элементтерінің орналасу орны туралы келушілердің хабардарлылығын қамтамасыз етуі тиіс, басқалары – келушілерді билеттендіру; жеке заттар жоғалған жағдайда көмек көрсетуге және іздестіру бюросымен ынтымақтасу; медпунктердің қызметкерлеріне көмек көрсетуге және көрме әріптестері мен демеушілерімен бірге жүруге жауап береді.  Көлік-еріктілер кешен тұрақтарында автомашиналардың ағынын реттейді, көліктің уақытылы ұсынылуын және көрме келушілері мен қатысушылары бағытын қамтамасыз етеді. Ресми делегациялардың мүшелерін қабылдау және бірге жүруде Хаттама-Еріктілер жәрдемдеседі. Баспасөз-Еріктілер құрылымы баспасөз орталығының және журналистердің аккредиттеу жұмысына көмектесуге бағытталады.
Бүгінгі күні 3000 ерікті іріктелді, олардың көбісі ЖОО-ның студенттері болып табылады. Алдағы көрмеге барлығы 4500 көмекші тарту жоспарлануда, олардың негізгі  бөлігі өңірлер мен Алматы қ. келеді. ЭКСПО-2017 еріктісі болуға ниет білдірушілер көрме Ұйымдастырушысының expo2017astana.com. сайтында сауалнама толтыра алады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓