Жітіқарадағы жол апаты

Кеше сағат тоғыз жарымда Жітіқара-Пригородный жолындағы көлік апаты болды. Онда екі адам ауыр жарақат алып, екі айлық сәби көз жұмды.

Алдыңғы көлікті басып озбақ болған Пригородный ауылының 30 жастағы тұрғыны Rover Honda Concerto көлігімен қарсы бетке шығып, «УАЗ» көлігімен соқтығысқан. "УАЗ" тізгінінде 44 жастағы жеке фирма қызметкері болған.

Жол апатынан Rover Honda Concerto көлігіне мінген 54 және 30 жастағы екі әйел түрлі жарақат алып, Жітіқара аудандық орталық ауруханасына жеткзілді. Сонымен бірге автокөлікте болған екі айлық сәби ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі («Жолда жүру ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓