Қыркүйектің соңында қар жаууы мүмкін
«Қазгидромет» РМК атап өткендей, қыркүйектің соңына қарай ауа температурасы елдің шығысы мен орталығында түнде 0°С-қа дейін төмендеп, күндіз 20-28 шегінде болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30…37 дейін жылы болады. Келесі аптада батыстан шығысқа белсенді циклонның өтуімен өткінші жауын жауады, жел 15-20 м/с-қа жетеді. 10-13 қыркүйек аралығында Таймыр аудандарынан суық ауа ағынына байланысты температура елеулі төмендейді деп күтілуде. СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, ШҚО-да түнде күн суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады.
Ұзақмерзімді болжамға сәйкес үшінші онкүндікте күн суыта түседі. Онкүндік соңында өткінші жылы ауа райы алмасып отырады. Солтүстік аудандарда жауын-шашын болып, жылбысқы қар жаууы ықтимал.