ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ

   Қостанайда шетелдік нөмірлі  алғашқы көлік уақытша тіркеуге алынды. Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген Қуаныш Айдарбеков өзінің Ресейден әкелген Kia-SORENTA көлігін есепке қоюды жөн көріпті. Ол нөмірлік белгі үшін 7422 теңге көлеміндегі баж салығын, көлік құралын тіркеу жөніндегі куәлікке 3313 теңге, алғашқы тіркеу үшін 633 теңге төлегенін айтады. Көлік иесі қазақстандық нөмір алу үшін бар-жоғы 11 398 теңге шығындағанын тілге тиек етті.
   84263048_115342926693751_6530887739418607616_o
   Сары нөмірге иелік еткен қостанайлық 2021 жылдың 1 наурызына дейін 927 850 теңге көлемінде көлік қалдығын жою алымын өтеуі тиіс. Осыдан кейін ғана уақытша нөмірді тұрақты нөмірге ауыстырып, шетелдік тіркеудегі көлікті өз атына түбегейлі аудара алады.
   Көлік иесі шетелдік көлікке иелік еткен кез-келген қазақстандықтың мемлекеттің шапағатын сезіне алатынын айтады.
   – Мемлекет тарапынан шетелдік тіркеудегі көлікті тізгіндегендерге жақсы жағдай жасалып жатыр. Атап айтқанда, бізге көлік қалдықтарын жою алымын өтеуге бір жылға мұрсат берді. Осылайша, заңдастыруға мұрсат беруде. Көлігім жаңа болғандықтан, осы мүмкіндікті қалт жібермеуді жөн көрдім, – дейді Қуаныш Айдарбеков.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓