Арқалық қаласында екі мүгедек жан өрттен құтқарылды
by
Qostanaı tańy
·
02.04.2015
Жақында Арқалық қаласының тұрғын үйлерінің бірінде өрт шықты. От баспананың ас үйінде пайда болды. Өрт сөндірушілер келген уақытта пәтердің ас үйінің қабырғалары жанып үлгерген. Жедел әрекеттер нәтижесінде тілсіз жаудың өршуіне жол берілген жоқ. Үй ішінен 57 жасар екі мүгедек адам от ажалынан құтқарылды.
Махаббат Бекбай