Қауіп қайдан демеңіз…
6-қыркүйек күні сағат 12 кезінде Жедел басқару орталығына Халыққа қызмет көрсету орталығы тарапынан күдікті пакет туралы хабарлама түскен.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел тергеу тобы жұмылдырылған. Олар пакетті тексерді. Алайда оның ішінен тек пакет иесінің киім-кешегі ғана табылған.
Орталық әмбебап дүкен жұмысшылары тексеріс аяқталған соң 20 минуттан кейін қалыпты жұмыстарына кірісті.