Қырағы шекарашылар кұрығына түскендер

Қостанай  шекара отрядының әскери қызметшілері Мемлекеттік шекарадан заңсыз есірткі затын өткізудің жолын кесті
Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ» автокөліктік шекаралық бақылау пунктінің  әскери қызметшілері «Рудный – Челябі» бағытындағы жолаушы автобусын тексерген. Оның басырында жолаушылардың бірі шекарашыларға күдік туғызса керек. 24 жасар Қазақстан азаматы жеке тексеруге алынады. Сөйтіп, оның жеке заттары арасынан жалпы салмағы 100 грама болатын марихуана есірткі заты табылды. кайрак
Осы бақылау пунктінде Ресей Федерациясына бет алған тағы 2 отандасымыз шекарашылар құрығына түсті. Олар  жеке автокөліктерінде 20 грамм марихуананы көрші елге жеткізбек болған. Көлікті тексеру кезінде шынтақ сүйеніші ішінен салмағы 10 грамм болатын орама және осындай көлемдегі улы зат ұсталған азаматтың бірі  шұлығына тығып қоймақ болған.
80 грамм марихуана 40 жасар Ресей Федерациясының азаматынан тәркіленді. «Қостанай – Екатеринбург» бағытындағы автобуспен жолға шыққан. Улы зат оның қол жүгі ішінен арнайы иттің көмекгімен табылды.
Барлық деректер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓